ТҮРКІСТАН: Импорттық өнімдердің 89%-ы талапқа сай келмейді

0
638

Олар денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.


ТҮРКІСТАН: Импорттық өнімдердің  89%-ы талапқа сай келмейді

Түркістанда мемлекеттік қызметті заман талабына сай жаңғырту жолдары талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнімдердің қауіпсіздігіне қатысты тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. Осы орайда санитариялық дәрігерлер 2022 жылдың 3 айында дүкен сөрелеріндегі тамақ және азық-түлік емес өнімдерге жүргізіп, импорттық өндірістің 679, отандық өнімнің 155 сынамасын зертханалық зерттеуге алды. Нәтижесінде 36 (4,3%) сынаманың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды.


Ол өнімдердің 89%-ы – импорттық, ал 11%-ы – отандық өнімдерге тиесілі. Сәйкессіздіктің 75%-ы таңбалау бойынша анықталған. Оның ішінде тамақ (кондитерлік өнімдер, сүт, құс, балық өнімдері, алкогольсіз сусындар) өнімдерімен қоса, азық-түлік емес өнімдер (балалар ойыншығы, жеңіл өнеркәсіп өнімдері және халық тұтынатын басқада өнімдері) де бар.


Мәселен, өнімдердің таңбалануында ақпарат мемлекеттік тілде көрсетілмегендігі, ЕАС біріңғай белгісі жоқ, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, өнімнің сақталу шарттары, өндіруші немесе импорттаушы туралы ақпарат, өнімді пайдаланудың басқа да нұсқаулары көрсетілмегендігі белгілі болған.


Айта кетсек, өндірушілердің таңбалау қағидаларын сақтамауы – жыл сайын жиі анықталатын негізгі олқылықтардың бірі болып саналады екен. Осы орайда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жергілікті кәсіпкерлерге өнімдердің таңбалануын заңнама талаптарына сәйкес іске асыру керектігін еске салады.


Сондай-ақ, мамандар тұтынушыларды өнімнің жапсырмасына назар аударуға шақырады. Себебі, сыртында өндіруші туралы ақпараттың болмауы, қолданылуы бойынша нұсқамалар мен дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, құрамындағы заттар, сақтау шарттары көрсетілмеген өнімдер денсаулықа зиян келтіруі мүмкін.