«Түркістан инвест» компаниясы бір терезе қағидасы бойынша жұмыс жасап жатқандығын, фронт офистер ашылып 24/7 қағидасы бойынша қызметке кіріскендігін жеткізді.
Бүгін Түркістан қаласында өткен облыстық мәслихат сессиясында облыс әкімі биылғы жылдың бірінші жартя жылдығында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
"Инвестицияға барлық жағдайды жасауымыз керек. Облыс бойынша барлық аудан, қалаларды бұл жұмыстар негізгі басымдыққа алынады. Арнайы экономикалық аймақтар құрып отырмыз", - деді Өмірзақ Естайұлы.
Сондай-ақ, «Түркістан инвест» компаниясы бір терезе қағидасы бойынша жұмыс жасап жатқандығын, фронт офистер ашылып 24/7 қағидасы бойынша қызметке кіріскендігін жеткізді.
Өңір басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген 9 бағытқа негізделген тапсырмаларға жеке-жеке тоқталды. Сол тапсырмаларды сапалы орындау үшін 5 орынбасары мен аппарат басшысын жауапты етіп бекітіп, әрқайсысына міндеттер жүктеді.
"Келесі жылы жастар жылының жалғасы ретінде еріктілер жылы болады. Сонлықтан, жастарды белсенді волонтерлық жұмысқа тартуымыз қажет. Әлеуметтік желідегі сұрақтарына дер кезінде жауап беріп, тиісті шараларды жүзеге асыру қажет", - деген облыс әкімі жастармен тығыз жұмыс жасауды орынбасары Мәлік Отарбаевқа тапсырды.
Сондай-ақ, тапсырмалардың орындалуын тікелей бақылауында ұстайтындығын айтты.