ТҮРКІСТАН: Кафеде телефон ұрлаған ордабасылық жігіт ұсталып қалды

0
1 423

Телефонды үстел үстінен үптеп кеткен.


ТҮРКІСТАН: Кафеде телефон ұрлаған ордабасылық жігіт ұсталып қалды

Түркістан облысы Ордабасы ауданында 40 жастағы ер адам кафеде ұялы телефон ұрлап қамауға алынды. Оның үстінен ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оқиға тамыз айының алғашқы күндерінде болған. Жасы алпыстан асқан егде кісі дәмханада тамақтанып отырып қас пен көздің арасында ұялы телефонын ұрлатып алған. Телефонын таппаған ол Ордабасы аудандық полиция бөліміне шағымданған. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларына кірісіп, yәтижесінде көп ұзамай сол күні-ақ күдіктіні қолға түсірген. Жымысқы ұры қырықтағы ер адам болып шыққан.

"Тергеу барысында белгілі болғандай, 40-жастағы күдікті үстел үстінде тұрған телефонды көріп, ешкімнің назар аудармай тұрғандығын пайдаланып, тез арада оңай олжасын қалтасына салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Бүгінгі таңда аталған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде," - деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.