Түркістан қаласының әкімі тұрғындардың мәселелерін тыңдады

0
281

Шешу жолдарын сала басшыларымен бірге талқылады.


Түркістан қаласының әкімі тұрғындардың мәселелерін тыңдады

Түркістан қаласының әкімі тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Яссы» және «Шауғар» секторы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын сала басшыларымен бірге талқылады.


Кездесуге қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық мәслихат депутаттары, жауапты қала әкімінің орынбасарлары және дербес бөлімдер мен тиісті мекеме басшылары қатысты.


«Яссы» және «Шауғар» тұрғын алабының халқы инфрақұрылым, жолдарды асфальттау, көшелерге видеокамералар орнату, көгалдандыру және қоғамдық көліктердің жүру уақытын реттеу, сонымен қатар білім саласына қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.


Шауғар секторының тұрғындары жақын маңайға «банк автоматтарын» орнатып беруін, орталыққа барып келудің қиын екендігін айтып, шаһар басшысына өтініш білдірді. Тұрғындар мәселесін тыңдаған қала әкімі банк жүйесіне ұсыныс білдіріп, тез арада тұрғындарға қолайлы жағдай жасап беруді тапсырды.


Тазалық мәселесіне қатысты қойылған сұрақтарға шаһар басшысы жұмыстың кезең-кезеңімен орындалып жатқанын, қазіргі таңда қалада 300-ден аса тазалық қызметкері бар екенін, келесі жылы тазалық қызметкерлері санын арттыру жоспарланғанын айтты. Ал көгалдандыру жұмыстары қала бойынша 25-қазаннан басталатынын жеткізді.

Бөлісу