Түркістан қаласының бас жоспары бойынша өзекті мәселелер талқыланды

0
579

Тұрғынүйлер газға өту кезінде біршама қолайсыздық туындаған.


Түркістан қаласының бас жоспары бойынша өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін Рашид Абатұлының төрағалығымен Түркістан қаласының бекітілген Бас жоспарында туындаған өзекті мәселелерді талқылау өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиын Түркістан қаласы әкімдігінің Instagram және Facebook парақшаларынан тікелей эфир арқылы көрсетілді. Түркістан қалалық соты, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы өкілдері, орта және шағын бизнес кәсіпкерлері қатысқан жиында жер мәселесі мен оны заңдастырудағы ауқымды салалар ортаға салынды.

Түркістан қаласының Бас жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №793 қаулысымен бекітілген болатын. Аталған күннен бастап жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары жаңадан бекітілген бас жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бас жоспардың аумағы 22 370 гектарды құрайды. Бас жоспарда Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани орталығы және Түркістан облысының жаңа әкімшілік орталығы ретінде дамытудың негізгі бағыттары айқындалған.

Дегенмен, Түркістан қаласы әкімдігі "Жер қатынастары бөлімінің" басшысы Нариман Қасымбеков пен "Сәулет және қала құрылысы бөлімінің" басшысы Айдос Кентугаевтың сөзінше, тұрғындар тарапынан қарама-қайшылықтар орын алып, мәселелер туындаған. Атап айтқанда, көптеген тұрғын үйлер қызыл сызық пен жасыл аймаққа түскен. Жасыл аймақ - саябақтар болса, қызыл сызық - кеңейтілетін жолдар болып саналады. Айдос Кентугаев Түркістан қаласындағы тұрғын үйлердің басым бөлігінде құжаттары рәсімделмегенін айтады. Мәселен, биыл тұрғын үйлер газға өту кезінде де біршама қолайсыздық туындаған. Себебі, көгілдір отын кезінде техникалық құжат (техпаспорт) сұрағанда үйінің заңдастырылғандығы назарға алынады. Ал, бөлім Бас жоспарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Одан өзге, мемлекет мұқтаждығына алу кезеңінде де заңдастырылған үйлердің бағасында айырмашылық болады. Сол себепті жыл басынан бері үй салар алдын Түркістан қаласы әкімдігінің "Сәулет және қала құрылысы бөліміне архитектуралық сәулет жоспарының тапсырмасын алу қағидаты жүргізіліп келеді. Эскиздік жобасын келіскен соң ғана құрылыс жұмыстары басталады.

Рашид Абатұлы осы мәселелердің кеңінен халық арасында таралып, тұрғындар жан-жақты хабардар болуы үшін үгіт-насихат жұмысын жандандыруға тапсырма берді.