​ТҮРКІСТАН: «Қамқорлық» бағдарламасы арқылы Мақтааралда бір отбасы баспаналы болды

0
1 337

Атакент кентінің тұрғыны екі баланың анасы, мүмкіндігі шектеулі анасының қараушысы Бағнұр Алтынбекова қуанышқа кенелді.


​ТҮРКІСТАН: «Қамқорлық» бағдарламасы арқылы Мақтааралда бір отбасы баспаналы болды

иллюстрациялық фото

Бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында «Қамқорлық» бағдарламасы аясында бір отбасы баспаналы болды, деп жазады ERNUR.KZ.

Дәлірек айтсақ, Атакент кентінің тұрғыны екі баланың анасы, мүмкіндігі шектеулі анасының қараушысы Бағнұр Алтынбекова қуанышқа кенелді.

Оған Мақтаарал аудандық «Қазақстан ардагерлері» қоғамдық ұйымының «Мақтаарал баспана» қоғамдық қорының демеушілігімен баспана кілті табысталды. Осы күнге дейін баспана тауқыметін тартып келген, бүгін қуанышқа кенелген Бағнұр Алтынбекова демеушілерге алғысын білдірді.

Бүгінде өңірде «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының үйлестіруімен, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтың қадағалауымен жүзеге асып жатқан бағдарламаға тұрғындар дән риза.

Мақтаарал ауданы бойынша 115 отбасы тізімге алынып, оларға көмек көрсетіліп жатыр. «Қамқорлық» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету іс-шаралары әлі де жалғасын табады.