ТҮРКІСТАН: “KAZCOVID-IN” және "SPUTNIK-V” вакциналары жеткізілді

0
642

Орташа есеппен күніне 1200 адам ерікті түрде салдыруда.


ТҮРКІСТАН: “KAZCOVID-IN” және

Түркістан қаласына ковидке қарсы күресте 7000 доза Sputnik-V және 100 доза KazCOVID-in вакцинасы жеткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жайлы Рашид Абатұлының төрағалығымен өткен апталық мәжілісте Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Райымбек Тасырбаев айтты.

Бұл дозалар ерікті түрде Sputnik-V вакцинасын салдырған 2995 тұрғынға екінші компонент ретінде және әлі ковидке қарсы вакцина қабылдамаған тұрғындарға да салынады. Орташа есеппен күніне 1200 адам ерікті түрде салдыруда. Жамбыл облысында жасалған QazVac қазақстандық екпе "Биологиялық қауіпсіздік проблемалары" ғылыми зерттеу институтының базасында жасалған. Оның облыс орталығына 100 данасы келсе, вакцинасының 50 дозасы салынып үлгерген. Жалпы, бүгінгі күнге дейін Sputnik-V вакцинасының 11650 дозасы әкелінсе, оның 7150-і егілген. Қалған 4500 дозасы әр нүктеде бөлініп, ниет білдірген азаматтарға салынуды.

Қазіргі таңда, вакцина салдыру қала бойынша белгіленген 10 нүктемен қатар, жылжымалы 2 нүктеде жүзеге асырылуда. Қала әкімі Рашид Аюпов денсаулығымызда және індетке қарсы тұруда вакцинаның маңызын ескеріп, ерікті түрде салдыруға ниетті азаматтарға барлық жағдай жасалу қажеттігін айтты.