ТҮРКІСТАН: Келес ауданында екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі

0
208

Жыл соңына дейін қос жаңа мектеп пайдалануға берілмек.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданында екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Келес ауданында биыл екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданындағы Ақтөбе ауылдық округінің екі ауылында жыл соңына дейін қос жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Атап айтқанда, Ғ.Мұратбаев елді мекенінде 600 орындық «Жайлы мектеп» құрылысы мен Көгерту елді мекенінде 300 орындық мектеп құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілмек. Бұл жайында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев ауылдық округте өткен халықпен кездесуінде мәлімдеді.


Аудан әкімімен өткен кездесуде бұған дейін жергілікті тұрғындар Бозсу, Құйған, Қияжол елді мекендеріне баратын ағын су каналын механикалық тазартудан өткізу мәселесін көтерген болатын. Нәтижесінде «Келес аудандық су шаруашылығы» мекемесі тарапынан Таубай каналының 3 шақырымы тамыз айында механикалық тазалаудан өткізілді. Сонымен қатар, Ынтымақ елді мекеніндегі Р-28 каналындағы Ақболат және Найман шлюздарының құрылысы аяқталып, бүгінгі таңда қолданысқа берілді.

Бөлісу