Егін шаруашылығы бойынша егіс көлемі 24,5 мың гектарға жеткен.
Келестік диқандар 1 200 тонна бақша өнімін экспортқа шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Келес ауданында ағымдағы жылы 1 648 гектарға жуық бақша алқабы егіліп, одан 65 мың тоннадан астам өнім жинау күтіліп отыр. Оның ішінде қарбыз 1 144 гектар, қауын 504 гектарды құрайды.
Шаруалар қарбыздың биылғы алғашқы түсімін жинап, нарыққа шығарды. Қазіргі таңға дейін аудан диқандары 1 200 тоннаға жуық бақша өнімін Қазақстан аумағынан бөлек ТМД елдерінің нарығына экспортқа шығаруда. Сондай-ақ өз еліміздің өзге өңірлерін бақша өнімдерімен қамтамасыз етуде. Қазіргі таңда тұтынушылар қарбызды егістік алқабының басынан бір келісін 100 теңгеден сатып алуда.
Айта кетейік, өткен жылы ауылшаруашылығы саласындағы өндірілген өнім көлемі 62,2 млрд теңгені құраған еді. Егін шаруашылығы бойынша егіс көлемі 24,5 мың гектарға кеңейтіліп, 187 гектарға артқан болатын.