ТҮРКІСТАН: Келесте әскери оқу-жаттығу дала жиыны басталды

0
659

900-ге жуық 10-сынып ұлдарына арналған практикалық сабақтар өткізілді.


ТҮРКІСТАН: Келесте әскери оқу-жаттығу дала жиыны басталды

Келес ауданында 10-сыныпты бітіруші жасөспірімдердің оқу-далалық жиыны басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданындағы жалпы білім беру ұйымдарында 10-сыныпты бітіруші жасөспірімдердің оқу-далалық жиыны және қыздардың медициналық практикалық сабақтарының дайындығы басталды. Абай ауылында орналасқан орталық стадионда өткен ашылу салтанатында кәсіби әскери мамандар жекпе-жек тәсілдерін көрсетіп, әскери қару түрлерімен таныстырды.


Ашылу салтанатына Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев, «Аманат» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасы Ахмет Жұмабеков және білім ошақтарының басшылары қатысып, сәттілік тіледі. Оқу-дала жиыны барысында 900-ге жуық 10-сынып ұлдарына арналған практикалық сабақтар өткізілді.


Қарулану және әскери техникалық мүлікті және өзге де жабдықтарды қолдану жолдары түсіндірілді. Жас сарбаздар тактикалық, атыс дайындықтарын пысықтап қана қоймай, әскери құрылымдардың жарғыларын оқып танысуда. Әскери топографияның қыр-сырын үйренеді. Сонымен қатар 1000-нан аса келестік шәкірт қыздар медициналық-санитарлық дайындықтарын шыңдайды.


Айта кетейік, білім стандартына сәйкес алғашқы әскери дайындық пәнінен 10-сынып оқушылары 100 сағаттық дәріс алуы тиіс. Оның ішінде 30 сағат оқу-дала (лагерьлік) жиындарын өткізуге берілді.