Биыл «Shymkent IT HUB» базасында IT-қоғамдастықты дамыту және стартаптарды қолдауға бағытталған 44-ке жуық іс-шара ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Шымкент қаласында технологиялық экожүйені дамыту және жастардың IT саласындағы әлеуетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осы бағытта жұмыс істеп жатқан «Shymkent IT HUB» технопаркі жастарды, IT-мамандарды және стартап-командаларды біріктіретін маңызды алаңға айналды.
Технопарк қызметінің негізгі бағыттарының бірі – IT-қоғамдастықты дамыту, жастардың цифрлық дағдыларын жетілдіру және инновациялық жобаларды қолдау.
Биыл «Shymkent IT HUB» базасында IT-қоғамдастықты дамыту және стартаптарды қолдауға бағытталған 44-ке жуық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шараларға 1041 адам қатысты.
Сонымен қатар, 168 студент өндірістік және оқу тәжірибесінен өтіп, цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған бағдарламаларға қатысты. Бұл жұмыстар жастардың заманауи технологияларды меңгеруіне, практикалық дағдыларын жетілдіруіне және IT саласында кәсіби бағыт-бағдарын айқындауына мүмкіндік береді.
Стартаптарды қолдау және инновациялық идеяларды дамыту мақсатында 5 стартап-жоба іске асырылып, 2 хакатон өткізілді. Іс-шаралар барысында қатысушылар өз жобаларын таныстырып, технологиялық шешімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.
Қазіргі таңда технопарк резиденттері қатарында QazTracker, Alaqan, Puls.kz, Art Code, Florax және Qalam AI жобалары бар. Аталған жобалар өз бағыттары бойынша жұмыс жүргізіп, өңірдегі IT-кәсіпкерліктің дамуына үлес қосуда.
Жалпы, «Shymkent IT HUB» қызметі Шымкент қаласында IT саласын дамытуға, жастардың цифрлық құзыреттерін арттыруға және жаңа стартаптарды қолдауға бағытталған. Алдағы уақытта да технопарк базасында IT-қоғамдастықты кеңейту, стартап жобаларды қолдау және технологиялық экожүйені одан әрі дамыту бойынша жұмыстар жалғасатын болады.


