ТҮРКІСТАН: Келесте эко-плогинг өтті

0
264

Шараның мақсаты - тазалықты сақтау, әрбір жастың бойында туған жерге деген жанашырлықты ояту.


ТҮРКІСТАН: Келесте эко-плогинг өтті

Келес ауданында “Тазалық-жан саулығы” атты эко-плогинг акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан "Таза Қазақстан" шарасы аясында Келес ауданында “Тазалық-жан саулығы” атты эко-плогинг акциясы өтті. Шараға аудандық аудандық ішкі саясат бөлім басшысының орынбасары Жансая Өмірәліқызы, аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-ң басшысы Айбек Әмреқұлұлы, “Жастар рухы” Жастар қанатының ерікті жастары, жалпы акцияға 80-ге жуық жас жұмылдырылды. Шараның мақсаты - тазалықты сақтау, әрбір жастың бойында туған жерге деген жанашырлықты ояту.


Экоакция нәтижесінде І орынды аудандық мәдиенет үйінің қызметкерлері қанжығасына байласа, ІІ орын Қаратөбе ауылының белсенді жастарына бұйырды. Ал ІІІ орынды Ошақты ауылының жастар командасы алды.