ТҮРКІСТАН: Келесте құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

0
793

2 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Келесте құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Келес ауданында құрылыс қызу қарқынмен жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданының орталығы Абай ауылында спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталған нысанның құрылысы үшін Асан қайғы көшесінде орналасқан бұрынғы мақта қабылдау пунктінің ішінен қажетті жер телімі қарастырылды.


Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев аталған құрылыс нысанының басында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады.


«Өскелең ұрпақты дұрыс бағытта тәрбиелеу, олардың бос уақытын тиімді өткізуге қолайлы жағдай жасау бағытында кешеннің құрылысы басталып кетті. Ғимараттың сапасы, орналасуы бойынша ұсынысьарымызды құрылыс жұмыстары басталмас бұрын жобалаушыға ескерткен болатынбыз. Құрылыс сапасы - басты назарда», – деді аудан басшысы.


Аталған аймақта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орынға лайықталған жаңа мектептің құрылысы мен мұражай салынады. Сонымен қатар, бүгінде ауданда 2 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қос құрылыс нысанына тапсырыс беруші - облыстық құрылыс басқармасы. Ал, Жамбыл және Қошқарата елді мекендерінде мәдениет үйлерінің құрылысы аяқталуға таяу тұр. Сондай-ақ аудан бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024 және 2025 жылдарға 5 мектептің құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған.