ТҮРКІСТАН: Келестегі шалғай елді мекенге сапалы интернет желісі жетті

0
67

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында заманауи OneWeb спутниктік жүйесі орнатылып, іске қосылды.


ТҮРКІСТАН: Келестегі шалғай елді мекенге сапалы интернет желісі жетті

Келес ауданындағы шалғай елді мекенге сапалы интернет желісі жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында елдің цифрлық теңсіздігін жоюды, барлық азаматты сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осы тапсырма аясында Келес ауданындағы шалғай елді мекендерді интернет желісімен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде Келес ауданының Тартоғай елді мекенінде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында заманауи OneWeb спутниктік жүйесі орнатылып, іске қосылды.


Ұлттық жоба аясында тартоғайлық 118 тұрғын енді сапалы әрі тұрақты интернет желісін пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Бұл жоба Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен «Jusan Mobile» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асты.


OneWeb спутниктік байланысы арқылы енді Тартоғай ауылының тұрғындары онлайн білім алу, мемлекеттік қызметтерді электронды форматта пайдалану, және интернет арқылы кәсіп ашу мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Бөлісу