ТҮРКІСТАН: Келестіктерге 400-ге жуық жұмыс ұсынылды

0
414

Солтүстік өңірлерден 90 жұмыс беруші келген.


ТҮРКІСТАН: Келестіктерге 400-ге жуық жұмыс ұсынылды

Келес ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында жалпы жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Аудан орталығында орналасқан «Жеңіс» саябағында өткен шара барысында 30 жұмыс беруші 35 бос жұмыс орындарын ұсынса, солтүстік өңірлерден 90 жұмыс беруші 319 бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қатысып, жұмыс іздеушілерге ізгі тілегін білдірді.


“Келес ауданында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» кең көлемде іске асырылуда. Биыл аталған бағдарлама аясында аудандағы 5936 азаматты жұмыспен қамту жоспарлануда. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырған 1200 адамға артып отыр. Жоба арқылы өткен жылы 2942 азамат жұмыспен қамтылса, соның ішінде 2588 азамат тұрақты жұмысқа жолдама алған. Нәтижелі жұмыстар биыл жалғасады. Бүгінгі жәрмеңке аясында бос жұмыс орындарына және субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алып, жұмысқа орналасып кетулеріңізге тілектеспін”, – деді аудан әкімі.


Жәрмеңке барысында өткен жылы жоба арқылы гранттар мен аз пайзбен несие алған кәсіпкерлермен жобаларын дамыту барысы талқыланды. Тұрғындар жұмыс берушілерге сұрақтарын қойып, керекті мәліметтерін алды. Айта кетейік, Ұлттық жоба аясында субсидияланатын жұмыс орындарына, яғни қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындары, «Жастар практикасы», «Күміс жас» және алғашқы жұмыс орындары жобалары бойынша жұмыс беруші мекемелерден өтінімдер беріліп отыр.