ТҮРКІСТАН: Келестің шалғай ауылдарына медициналық нысандар салынып жатыр

0
365

Бұл жұмыстар жеке инвесторлардың есебінен жүзеге асырылуда.


ТҮРКІСТАН: Келестің шалғай ауылдарына медициналық нысандар салынып жатыр

Келестегі шалғай елді мекендерде медициналық нысандар салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Ауылдың денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Келес ауданының Аманжар, Жаңақоныс, Бесқұбыр елді мекендерінде фельдшерлік-акушерлік пункттер салынуда. Бұл жұмыстар жеке инвесторлардың есебінен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Дәрмен» ЖШС және «АзияМед» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін тапсырылады деп жоспарлануда.


Бұл туралы Қошқарата ауылдық округінің әкімі Ерлан Нұрмахан Келес ауданы әкімі аппаратының басшысы Бахтияр Абдрахмановтың төрағалығымен өткен жиында мәлімдеді.


Келес ауданындағы аумағы және халқы жағынан ең ірі аймақтардың бірі – Қошқарата ауылдық округі болып табылады. Мұнда 22 576 тұрғын 13 елді мекенде тұрады.


Айта кетейік, биыл ауылдық округінің орталығы Бесқұбыр елді мекенінде 300 орындық оқу ғимараты пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Қошқарата ауылдық округі әкімі аппаратының құрылысы басталуы жоспарланған. Бесауыл елді мекеніндегі ұзындығы 1 840 метрді құрайтын Достық көшесін орта жөндеуден өткізілсе, Ұшқын елді мекенін газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Мемлекеттік сатып алу порталына жеңімпаз анықтау үшін салынды. Ал, ағымдағы жылы кәсіпкерлер есебінен Шынар елді мекеніндегі Егемендік, Бейбітшілік және 1 Мамыр ауылдарында Құрманғазы көшелері және Бәйтерек елді мекенінің Жеңіс-1, Жеңіс-2, Жеңіс-3 көшелеріне, жалпы ұзындығы 3,0 шақырым көше жарықтандырылды деп жоспарлануда.