ТҮРКІСТАН: Кемшілік жіберген мердігер мекемелерге аяушылық болмайды

0
907

Ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін.


ТҮРКІСТАН: Кемшілік жіберген мердігер мекемелерге аяушылық болмайды

Өмірзақ Шөкеев шартты бұзғандарға шара барын ескертті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, мердігер мекемелермен кездесті. Оларға құрылысты ширатуды тапсырып, бірқатар міндеттер жүктеді.

Атап өтсек аймақ басшысы келісім-шартта көрсетілген тиісті міндеттерді бұзғандарға, кестеден қалыс қалып не кемшіліктерге жол берген мердігер мекемелерге аяушылық танытпауды тапсырды. Ол үшін заң аясында тиісті шара қолданылатынын ескертті.

Сондай-ақ, облыс басшысы әкімшілік-іскерлік орталығындағы құрылысы баяу жүргізіліп жатқан тұрғын үйлердің жұмыстарымен танысты. Алғашқы түзілген өндірістік кестеге сәйкес, бұл нысандардың басым бөлігі қыркүйек айында пайдалануға тапсырылуы тиіс болған.

Алайда, тапсырысшы тарапынан облыстық құрылыс басқармасының келісімінсіз өндірістік кестесі қайта жасалып, тапсыру мерзімі қазан айына дейін ұзартылған. Бекітілген кестеден қалыс қалғандарға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмін.

Айта кетейік, бүгін облыс басшысы Түркістан қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Осы орайта атап өтсек, күз айларында облыс орталығындағы 15 нысан пайдалануға беріледі.