Биылғы күздік маусымда ағаш отырғызу жұмыстары басталмақ.
Кентау қаласында биыл 45 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кентау қаласында биыл 45 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған. Оның облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан үлестірілген 33 мыңнан астам ағашы көктемде отырғызылды. Күз мезгілінде 11 800 мың ағаш отырғызылады деп жоспарлануда. Биылғы күздік маусымда ағаш отырғызу жұмыстары басталмақ.
Кентау қаласының көшелеріне және қала кіреберісіндегі жасыл аймақтың көгалдандыруына ерекше назар аударылып жатқанын атап өту қажет. Ағаштардың басым бөлігі С.Сейфуллин, Ш.Уәлиханов, Әл-Фараби, Т.Рысқұлов, Абай, Д.Қонаев және Қ.Яссауи даңғылдарына егілетін болады. Қазіргі таңда орындарын әзірлеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар саябақтар, саяжолдар мен көше қиылыстарына көпжылдық гүлдер мен 5 мың дана қызғалдақтар егу жоспарланып отыр. Осылайша әсем гүлдер мен жасыл желек қаланың ажарын аша түспек.