ТҮРКІСТАН: Кентауда «Көктөбе» демалыс аймағы ашылды

0
982

Қала көшелерінен 540 метр биіктікте орналасқан.


ТҮРКІСТАН: Кентауда «Көктөбе» демалыс аймағы ашылды

Кентау қаласында жаңа демалыс аймағы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласында «Көктөбе» демалыс аймағы пайдалануға берілді. Құрылысы 2021 жылы бастау алған аймақтың монтаж жұмыстары аяқталды.


Ашылу рәсіміне қатысқан қала әкімі Рашид Аюпов қала тұрғындарын татулық пен келісімнің нұрына бөленген Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады. Қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев, ардагерлер кеңесінің мүшесі Сейдулла Адыршаев көпшілікті жаңа демалыс аймағымен құттықтап, өскелең жастарға рухани серпін берер орын болатынын атап өтті. Мерекелік шарада ел бірлігіне арналған әсем әуендер орындалып, мың бұралған бишілер мерекенің көркін ашты .


Айта кетейік, демалыс аймағында 25 метр биіктікте еліміздің көк байрағы орналасқан. Жан-жағы абаттандырылып, орындықтар, көлік тұрағы, қоқыс жәшіктері, күзет бөлмесі қарастырылған. Сонымен қатар қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейне камералар орналастырылды. «Көктөбе» қала көшелерімен есептегенде 540 метр биіктікте орналасқан.


Сол тұстан қаланың барлық аймағын тамашалауға болады. Бүгінгі таңда, қала әкімдігі тарапынан демалыс аймақтың маңайына кәсіпкерлік нысандар салуға инвесторларды тарту жұмысы жүргізілуде. Болашақта Кентаудың келбетті демалыс аймағына айналары сөзсіз.