ТҮРКІСТАН: Кесене аумағындағы дәретханалар пайдалануға беріледі

0
800

Әжетханалар 3 түрлі үлгіде салынған.


ТҮРКІСТАН: Кесене аумағындағы дәретханалар пайдалануға беріледі

Түркістан қаласындағы Қ. А. Ясауи кесенесі аумағында жерасты, жерүсті және модульді әжетханалар салынып, орнатылған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Рашид Абатұлы мердігер мекеменің атқарған жұмысын көріп, жылы суын қосып, тұрғындарға жайлы жағдай жасау қажеттігін айтты.

Жерасты дәретхана бүгіннен бастап іске қосылса, кесенеге қарсы бетте орналасқан әжетхананың есігі жұма күні ашылмақ. "Әзірет-Сұлтан" тарихи-мәдени қорық музейі аумағындағы дәретханалар бастапқы кезде тегін болады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы көтергіш құрылғысы жұмыс істейтін болады. Қала әкімі әлі де атқарар жұмыс бар екенін ескертіп, мердігерлерге жұмысты сапалы орындауды тапсырды.

Сонымен қатар, шаhар басшысы кесене аумағындағы абаттандыру жұмыстарын көріп, қураған жасыл желектерге күтім жасауды тапсырды. Мұнда гидрошашу жүйесі бойынша газондар шығып жатыр. Сондай-ақ, аумақты жасыл желекке айналдыру мақсатында 700-ге жуық ағаш пен бұта егілген.

Одан өзге, Рашид Абатұлы "Керуен сарай" кешені аумағында жүргізіліп жатқан су және кәріз жүйесінің құрылысын көрді. Жалпы ұзындығы 9,7 км құрайды. Кәріз жүйесі Ш. Мырзабеков көшесінің бойымен жүргізіліп, М. Әбенова көшесіндегі магистралды кәріз жүйесіне қосылған.