ТҮРКІСТАН: Кеуде қуысына заманауи ота жасалды

0
649

Бұрын дәстүрлі әдіспен кең торакотомия, өкпе ісігін алып тастау және тігу жүргізілетін.


ТҮРКІСТАН: Кеуде қуысына заманауи ота жасалды

Түркістанда «Сол жақты видеоторакоскопия, өкпенің төменгі бөлігі ісігінің резекциясы. Кеуде қуысының санациясы және Бюлау тәсілімен дренаждау» отасы жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына «Сол өкпенің төменгі бөлігінің қатерсіз ісігі» диагнозымен науқас түсті. МӘМС шеңберінде пациентке «Сол жақты видеоторакоскопия, өкпенің төменгі бөлігі ісігінің резекциясы. Кеуде қуысының санациясы және Бюлау тәсілімен дренаждау» отасы жасалды.


Бұл операцияның артықшылығы - кеуде қуысының отадан кейінгі минималды деформациясы, пациенттің ерте белсендірілуі, және операциядан кейін тез қалпына келтіру. Бұрын дәстүрлі әдіспен кең торакотомия, өкпе ісігін алып тастау және тігу жүргізілетін.


Мұндай операциядан кейін науқасқа 3 айға дейін оңалту кезеңі қажет етілген. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсы.