ТҮРКІСТАН: Халықаралық делегация медицина саласына жоғары баға берді

1
1 942

Түркістан облысына Қазақстандағы Дүниежүзілік Қайта Құру және даму банкінің өкілдері келді.


ТҮРКІСТАН: Халықаралық делегация медицина саласына жоғары баға берді

Түркістан облысына келген халықаралық делегация облысы дәрігерлерінің еңбегіне, жұмыс сапасы мен аурухананың техникалық жабдықталуына жоғары баға берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ордабасы орталық аудандық ауруханасына Қазақстандағы Дүниежүзілік Қайта Құру және даму банкінің өкілдері келді. Дүниежүзілік Банктің "әлеуметтік медициналық сақтандыру" жобасын жүзеге асыруға көмек көрсету жөніндегі жұмыс сапары аясында халықаралық делегация Ордабасы ауданының ауруханасына барды.

Медициналық жұмысшы топ құрамында Ато Браун – Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі, Марсело Бортман – Қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі жетекші маман, Бақтыбек Жұмаділ – жобалар жөніндегі аға маман және Есқалиев Азат – ҚР ДСМ Жауапты хатшысының көмекшісі болды. Олар емхана базасында денсаулықты басқару орталығының (ПУЗ) қызметі мен ауылды жерлердегі медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жүйесімен танысты.

Халықаралық мамандар тіркеу орнының жұмысымен, кешенді жүйе мен тегін дәрілік заттарды амбулаториялық деңгейде босату бойынша дәріхананың жұмысына куә болды. Сондай-ақ Перзентхана үйіне барды (перзентханаға бару, жаңа туған нәрестелер бөлімшесі) реанимация бөлімінің жұмысымен танысты. Емханада бағдарламалық - басқарылатын аурулар орталығының жұмысымен, сондай-ақ учаскелік педиатрлардың жұмысымен, КЗР кабинетінің жұмысымен танысты.
Сапар аясында Шұбар ауылындағы "Шұбар" дәрігерлік амбулаториясына барып, жалпы практика учаскелік дәрігерлерінің жұмысын, күндізгі стационардың, фильтрдің, тікелей бақылаудағы емдеу кабинетінің (туберулез) жұмысын көрді. Сапар барысында ауылдық медицинаның өзекті мәселелері талқыланды.