ТҮРКІСТАН: Кітапханалар мен мектептерге 800 кітап тарту етілді

0
244

Тұсаукесерге «Мазмұндама» баспасының директоры Теңіз Сейілхан, «Dauletten» қорының президенті Жасұлан Бостандықұлы, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.


ТҮРКІСТАН: Кітапханалар мен мектептерге 800 кітап тарту етілді

«Түркістанға тарту» жобасы аясында кітапханалар мен мектептерге 800 кітап тарту етілді , деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістандағы облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Түркістанға тарту» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған кітаптардың тұсаукесері өтіп, кітаптарды сыйға тарту рәсімі ұйымдастырылды.


Аталған шара «TAS Group» компаниясы және «Dauletten» қайырымдылық қорының қолдауымен, Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау және қазақ тілінің дамуына үлес қосу мақсатында болып өтті.


Тұсаукесерге «Мазмұндама» баспасының директоры Теңіз Сейілхан, «Dauletten» қорының президенті Жасұлан Бостандықұлы, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.


Салтанатты жиында көрермендерге «Ахмет Яссауи кім?», «Мұхамеджан Тынышбайұлы кім?», «Бірлік бар жерде», «Ақша ағашта өспейді», «Жақсы оқысаң мақсатыңа жетесің», «Әкем жұмыссыз қалды» кітаптары таныстырылды. Сонымен қатар Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне және мектептерге 800 дана кітап сыйға тартылды.

Бөлісу