ТҮРКІСТАН: Қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген аналарға құрмет көрсетілді

0
830

«Ана - әлемнің шуағы» атты мерекелік шара өтті.


ТҮРКІСТАН: Қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген аналарға құрмет көрсетілді

Түркістанда қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген аналарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай облыстық Қоғамдық Даму Басқармасы Қоғамдық Келісім КММ-нің ұйымдастыруымен «Ана - әлемнің шуағы» атты мерекелік шара өтті.


Іс-шараға Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдардың жетекшілері мен мүшелері, сондай-ақ өңіріміздің дамуына үлес қосып жүрген ардақты аналар, қыз-келіншектер қатысты.


Жиында сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Кузембаев ақ жаулықты аналар қауымын айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.


«Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз. Халқымызда «Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» деген даналық сөз бар. Әйел-аналар – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің алтын діңгегі. Сіздердің мемлекет және қоғам өмірінде алатын орындарыңыз айрықша. Тек қана отбасының ұйытқысы болмай, қоғамның әр саласында белсенді жұмыс атқарып жүрсіздер. Еселі еңбектеріңіз арқылы cіздер баршаға үлгі болып, еліміздің, өңіріміздің дамуына зор үлес қосып келесіздер. Ұрпақ тәрбиесі мен ерен еңбекті қатар алып жүрген аналарымыз қандай марапат, қандай құрметке де лайық. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, абыройларыңыз асқақ, бірлігіміз бекем болсын!», - деді Ерлан Бақытжанұлы.


Сондай-ақ, іс-шара барысында өңірде татулық пен қоғамдық келісімді сақтауға елеулі үлес қосқан аналар қауымына Алғыс хаттар мен мерекелік сый-сыяпаттар табыс етілді.