Түркістанда халық санының өсімі күтіліп отыр.
Түркістандағы қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыттары тұрғындардың сұранысына сай өзгереді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласының облыс орталығы статусына ие болуына байланысты тұрғындар саны өсімі күтілуде. 2019 ж - 171,4 мың тұрғын, 2020 ж - 178,9 мың тұрғын болса, 2025 ж - 250 мың тұрғын, 2030 ж - 300 мың тұрғын болады деген болжам бар.
Осыған орай, қоғамдық көліктер саны артып, жаңартылып, жаңа қозғалыс бағыттары ашылуда. Соңғы 2 ай ішінде 30 дана SAZ LE-60 маркалы, сыйымдылығы 53 орындықтықты қоғамдық көлік әкелініп, үш жаңа бағыт бойынша (№14, 15, 18) жұмыс басталды.
Бұған қоса, жергілікті тұрғындардың көптеген өтінішін ескере, қазірде атқарылып жатқан бірнеше қозғалыс бағытына өзгеріс енгізілу қажет екенін айтып өткен қала басшысы Рашид Аюпов, "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің" басшысы Байдулла Оразбековке қысқа мерзім ішінде бағыттардың сұранысқа сай өзгертілуі бойынша ұсыныс дайындауын тапсырды. Және, індет өршуін болдырмау мақсатында көлік жүргізулері мен жолаушылардың сақтық шараларын ұстану маңызын ұмытпай, қадағалану керегін талап етіп, қоғамдық көліктерде тазалық және залалсыздандыру жұмыстарын тиісті деңгейде атқарылуын тапсырды.
Сондай-ақ, жиында сөз алған Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов елдің ауызбіршілігі мен ынтымағын нығайтуда ардагерлердің еңбегі орасан екенін атап өтті. Ауданның мәселесін көтеруге келген ақсақалдарының белсенділігі үшін ризашылығын білдірді.