ТҮРКІСТАН: «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясы өтеді

0
1 216

Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында жаппай экологиялық сенбілік өтеді.


ТҮРКІСТАН: «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясы өтеді

Түркістан облысында «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ертең, 8 қазан күні Мемлекет басшысы жариялаған «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясына орай Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында жаппай экологиялық сенбілік өтеді. Қоршаған ортаны таза ұстау - әр азаматтың парызы. Осы орайда, облыстың барлық тұрғындарын акцияға қатысуға және табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға шақырамыз.


Сенбілік барысында Түркістан қаласы бойынша әкімшілік іскерлік орталықтың маңындағы көпқабатты үйлердің аумағы, С.Ерубаев көшесінде орналасқан «Жеңіс» саябағы мен Б.Саттарханов көшесіндегі «Жібек жолы» саябағында т.б. аумақтарда тазалық жұмыстары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қаланың барлық көшелері мен саябақтары тазаланатын болады.


Бүгінде облыс әкімінің бастамасымен Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында 2019-2022 жылдары қала айналасынан 7700 га жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланды. Қазір барлығы 13 629 га жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда. Алдағы уақытта «Жасыл белдеу» аумағын 30 мың гектарға жеткізу көзделуде. Облыстың орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарында бүгінде 30 млн данадан астам әртүрлі орман ағаштарының көшеттері өсіріліп жатыр.


«Қоқыссыз таза табиғат» акциясы табиғатқа саналы, ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған. Бастамаға қоғамдық ұйымдар, азаматтық белсенділер, студенттер және еріктілер қосылады деп жоспарланған.


Жиналу күні мен уақыты: 8 қазан, сағат 10:00. Анықтама үшін байланыс: 8 775 627 0404.

Бөлісу