Заңды шешімді сот шығарады.
Түркістан облысында коменданттық уақытта тұрғылықты мекенжайдан тыс жерде жүрген 100 азамат анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында коменданттық уақыт кезінде, яғни түнгі сағат 23:00 мен таңғы сағат 07:00 арасында мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзып, тұрғылықты мекенжайдан тыс жерде жүрген 100 азамат анықталды. Аталған жайттарға байланысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырған.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары аталған жайттарға байланысты іс құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау мақсатында сотқа жолданған.