ТҮРКІСТАН: Көпқабатты 9 тұрғынүй салынып жатыр

0
836

3 879 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.


ТҮРКІСТАН: Көпқабатты 9 тұрғынүй салынып жатыр

Төлеби ауданында көпқабатты тоғыз тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданында әр түрлі санаттағы 3 879 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Алдағы уақытта кезекте тұрғандардың саны азая түспек. Себебі, бүгінгі таңда аудан орталығы Ленгір қаласындағы 1-мөлтек ауданда 20 пәтерлі 5 қабатты 9 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жалпы 9 көп қабатты тұрғын үйдің ірге тасын құю жұмыстары аяқталып, қыш қалау жұмыстары басталып кеткен.
Атап айтар болсақ, бұл тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын жүргізуге үш мердігер мекеме тартылып отыр. Олар «АША-А» ЖШС мен «A.S.InvestStroi» ЖШС және «Жоғарғы Санат Құрылыс» ЖШС-і. Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтпелі. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың маусым айына дейін толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, жыл соңы жақындаған уақытта баспаналы болған түркістандық тұрғындардың саны артуда. Оның ішінде Сайрам ауданы мен кеше ғана қоныс тойын тойлаған мақтааралдықтар бар.