ТҮРКІСТАН: Күрмеулі мәселе шешімін тапты

0
504

Алдағы күндері басқа да су нысандарына кезең-кезеңімен су жіберіледі.


ТҮРКІСТАН: Күрмеулі мәселе шешімін тапты

Түлкібас ауданындағы 11 су нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Естеріңізде болар өткен жылы Түлкібас ауданындағы 11 су нысанында күрделі жөндеу жұмыстары бастау алған болатын. Республикалық «ҚазСуШар» мекемесінің теңгеріміндегі нысандардың өтпелі құрылыс жұмыстарын 2022 жылы аяқтау жоспарлануда.

Аталған каналдардағы құрылыс жұмыстары биылғы егіндікті суару маусымына әсер етіп, диханшылық және мал асыраумен айналысып отырған тұрғындарға қиыншылық тудырып отырған-ды. Мәселенің бар маңыздылығын ескере келе аудан әкімі Нұрлан Байғұт «ҚазСуШар» мекемесінің жаңадан тағайындалған облыстық басшылығын ауданға арнайы шақыртып, өзекті мәселенінің шешу жолдарын тұрғындармен бірге талқылаған болатын.

Міне, арада көп уақыт өтпей, тұрғындармен кездесуде белгіленген уақыт ішінде аталмыш мәселе шешімін тауып, көпшілік өтініші қанағаттандырылды. Атап айтқанда, Арыс ауылдық округіне қарасты «Қызыл», Кемербастау ауылдық округіне қарасты «Ұзын», Тастұмсық пен Жаскешу ауылдық округтеріне қарасы «Жоғарғы» және «Төменгі» каналдарына ағын су жіберілді. Алдағы күндері басқа да су нысандарына кезең-кезеңімен су жіберіледі.