ТҮРКІСТАН: Мақтаарал ауданында 4 педофил өмір сүреді

0
640

Екеуі кәмелеттік жасқа толмаған қызға үйленген.


ТҮРКІСТАН: Мақтаарал ауданында 4 педофил өмір сүреді

Мақтаарал ауданында 4 педофилге электронды білезік тағылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтааралда сотталған төрт педофилге электронды білезік тағылды. Бас бостандығы шектелген және шартты түрде сотталған азаматтарға бұдан былай дәл осындай электронды бақылау білезігі тағылады. Оны шешкісі келсе, арнайы сигнал инспекторларға барады. Аптасына бір рет қуатталатын құрылғыны азаматтар өздерінің үйінде қуаттай алады.


Бұл электронды білезік сотталғандарды бақылауға, тұрғылықты мекен-жайын тастап кетпеуге, қайта жасауы мүмкін қылмыстың алдын алуға мүмкіндік береді. Білезік тағылған азаматтарды пробация инспекторлары арнайы планшеттер арқылы бақылайды. Егер олар тәртіпті бұзса немесе білезікті өздігінен шешуге тырысса, дабыл сигналы тәрізді белгі түседі. Бас бостандығын шектеуге сотталғандарға бір ескерту болса, оларға бір жылға дейін осы білезік тағылады. Ал, шартты сотталғандарға мерзіміне қарай тағылады.

«Сотталғандарды мекен-жайы бойынша кез-келген уақытта тексере аламыз. Мекен-жайы бойынша үйде немесе қайда жүргенін осы электронды білезікке қосылған планшет арқылы инспекторлар көріп отырады. Белгісіз бағытқа қарай кеткен жағдайда бірден сигнал түседі. Электронды білезікті бүлдірген жазасын өтеушілер жауапқа тартылатын болады», - дейді Мақтаарал аудандық пробация қызметінің бастығы Нартай Сабаев.


Мақтарарал аудандық пробация қызметі бастығының айтуынша, электронды білезік тағылған төрт азамат та педофил. Оның біреуі сегіз жасар қызды зорласа, екіншісі ер адамның еркінен тыс жыныстық қылмыс жасаған. Ал, екеуі кәмелеттік жасқа толмаған қызға үйленген екен.


Электрондық бақылау құрылғысын азаматтар бір жыл бойы шешпей тағады. Ылғалға төзімді құралдың құны шамамен 250-300 мың теңге. Сотталғандар бұл құрылғыны қасақана немесе абайсызда сындырып алған жағдайда жазаға тартылады.