ТҮРКІСТАН: Мақтааралдықтар қырыққбаттың алғашқы терімін Ресейге жібермекші

0
1 431

Мақтаарал ауданына қарасты «Ж.Нұрлыбаев» ауылдық округінің «Рамиз» шаруа қожалығы сәл күнде қырыққабат өнімдерін Ресейге артпақшы. Шаруа қожалығы бүгінде 4 гектарға шабдалы, 10 гектарға шабдалы ексе 60 гектарға қауын тұқымын сепкен.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдықтар қырыққбаттың алғашқы терімін Ресейге жібермекші

Мақтааралдық диқандардың алды алғашқы өнімдерін Ресейге экспорттауға дайындық үстінде деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Мырзашөл өңірінде негізгі күн көріс көзі аграрлық сала болып есептелетін Мақтаарал ауданының шаруалары алғашқы өнімдерінің жемісін татуға жақын. Нақтырақ айтар болсақ Мақтаарал ауданына қарасты «Ж.Нұрлыбаев» ауылдық округінің «Рамиз» шаруа қожалығы сәл күнде қырыққабат өнімдерін Ресейге артпақ. Иманберді Махмудовтың басшылығындағы шаруа қожалығы бүгінде 4 гектарға шабдалы, 10 гектарға шабдалы ексе 60 гектарға қауын тұқымын сепкен. Одан бөлек 120 гектарға шитті мақта егуге дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Округ әкімі Нұрғали Елшібаевтың мәліметінше жалпы округтегі 6600 гектар суармалы жердің 1500 гектарына қауын, 95 гектарға күріш, 20 гектарға қырыққабат, 8 гектарға шабдалы, 10 гектарға жүгері, 4693 гектарға мақта дақылы егіледі деп жоспарлануда.
Бүгінде округте шаруалардың шығынын азайтып, өнім көлемі мен сапасын арттыру мақсатында тиісті жұмыстар толығымен атқарылуда.