ТҮРКІСТАН: «Мектепке жол» акциясына басқармалар үлес қосты

0
1 122

Игі шара «Жеңіс» саябағындағы «Ынтымақ» қоғамдық бірлестігінің ғимаратында өтті.


ТҮРКІСТАН: «Мектепке жол» акциясына басқармалар үлес қосты

Түркістан қаласында жалпы саны 50 балаға қаржылай көмек берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жаңа оқу жылы қарсаңында облыс әкімдігінің басқармалары және «Turkistan» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Мектепке жол» акциясы шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік танытуда.


Игі шара «Жеңіс» саябағындағы «Ынтымақ» қоғамдық бірлестігінің ғимаратында өтті. Түркістан қаласының 10 мөлтекаудан төрағалары ұсынған мұқтаж отбасылардың әр қайсысының 5 баладан жалпы саны 50 балаларға қаржылай көмек берілді.


Биыл «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары Түркістан облысы әкімдігімен бекітілген еді. Аталған жоспарға сәйкес, облыстық және аудандық, қалалық деңгейде штаб құрылып, жұмыс жасалынып жатыр. 1 тамыздан басталған науқан ай соңына дейін жалғасады.