ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері сараланды

0
956

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі үнемі күн тәртібінде әрі назарда тұр.


ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері сараланды

Түркістанда «AMANAT» партиясының жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес өкілдерінің қатысуымен мәжіліс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі үнемі күн тәртібінде әрі назарда тұр. Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде мәжілісті жүргізген облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы Рүстем Сабыржанұлы мәлімдеді.
Жиында «Түркістан облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жағдайы және партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалу барысы», сонымен бірге «Партияның Түркістан облыстық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмысы туралы» мәселелері талқыланды.
Облысқа арнайы келген «AMANAT» партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі Абзал Құспан, партиялық бақылау департаментінің инспекторы Венера Есілбаева және партиялық бақылау департаментінің инспекторы Жандос Дәуреханов жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бағытында ойларын айтып, облыстағы мәселелерді тыңдады. Жиынға өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мекемелердің, прокуратура мен ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, полиция департаментінің, кәсіпкерлер палатасының, облыс әкімдігі мен партияның қоғамдық кеңесінің төрағалары қатысты.
Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесуде «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Нұралы Абишов шаураларға субсидия беруді жеңілдету әрі жылдамдату жөнінде ой қозғады. Ал «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық партия филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Уалихан Рахиев өңірлердегі квазимемлекеттік типтес ұйымдар жұмысшыларының жалақысын көтеру жөнінде ұсынысын жеткізді.
Республикалық топ өкілдері өңірде бірқатар кездесу өткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар жинап, тиісті кеңестер беруді жоспарлап отыр.