“Түркістан” мен “Каспий” тең түсті

0
494

45 минут бойы бірде-бір гол көре алмаған жанкүйерлер екінші тайымда төрт бірдей голдың куәсі болды.


“Түркістан” мен “Каспий” тең түсті

Қазақстан бірінші лигасының 19-туры қарсаңында «Түркістан» командасы өз алаңында ақтаулық «Каспий» клубын қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Күні кеше футболдан Қазақстан бірінші лигасының 19-туры қарсаңында «Түркістан» командасы өз алаңында ақтаулық «Каспий» клубын қабылдады. Ойын кезінде қос команда да гол салуға бірнеше мүмкіндіктер болды. Алайда, екі топ футболшылары ойынның алғашқы бөлігінде қарсылас қақпасына жол таба алмады.


45 минут бойы бірде-бір гол көре алмаған жанкүйерлер екінші тайымда төрт бірдей голдың куәсі болды. Ойындағы алғашқы гол 50 минутта 11 метрлік айып соққысынан салынды. Голдың авторы «Каспий» командасының ойыншысы Бекзат Қаблан. Түркістандық жігіттерде қарап қалмады. 74 минутта айып соққысын керемет орындаған Әбділхай Бейбарыс таразы басын теңестірді.


Ойынның аяқталуына 2 минут қалғанда «Түркістан» командасы Артем Литоштың гол соғуымен есепте алға шықты. Алайда, ақтаулық аяқ доп шеберлері төреші қосқан қосымша уақытта таразы басын теңестіріп кетті. Каспий командасын жеңілістен құтқарған Муроджон Халматов болды.


Ойын қорытындысы 2:2 есебімен тең аяқталып, қос команда бір-бір ұпайдан еншіледі. 19-турдан кейін «Түркістан» командасы 11 ұпаймен турнирлік кестеде 12-орынға жайғасты. Ал ақтаулық «Каспий» клубы 27 ұпаймен 8-орынын сақтап қалды.