Алаңның 6820 шаршы метрі брусчаткамен қапталып, 292 шаршы метріне асфальт төселмекші.
Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінің орталық алаңын заман талабына сай көрікті етіп жасау үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар өтетін алаң алдағы уақытта аудан тұрғындарының ең сүйікті демалыс орнындарының біріне айналмақ.
Мердігер "Строй.ком "Прогресс" ЖШС-і салып жатқан кешен қараша айында пайдалануға берілмек. Нысанның бас жобалаушысы - "Авангард-ОК" ЖШС, ал техникалық қадағалаушысы - "Royal Company" ЖШС. Мақтаарал ауданы әкімдігінің тапсырысымен жасалып жатқан ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін 30-ға жуық адам жұмысқа тартылған.
Алаңның 6820 шаршы метрі брусчаткамен қапталып, 292 шаршы метріне асфальт төселмекші. Сондай-ақ, 25 қоқыс жәшігі, 25 орындық, 3 шатыр астындағы орын орнатылмақ.
Демалыс орнын көріктендіру үшін 7240 шаршы метріне газон төселіп, 950 акация, 100 шырша, 28 терек егілетін болады. Ең бастысы - ауа-райы ыстық мекенде тұрғындар үшін субұрқақ салынбақшы.
Жалпы аудан орталығында абаттандыру жұмыстары жоғары деңгейде жүріп жатыр. Бұдан бөлек, көлемі 16х5 метр болатын 10 дана ойын алаңшалары салынуда. Сондай-ақ, қазіргі таңда 3 көшеге аяқжол төселіп, 3 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.