Түркістан облысында 2 154,3 мың адам тұрады, оның 1055,6 мыңы немесе 49% әйелдер үлесінде.
ERNUR.KZ. Түркістан облысында 2 154,3 мың адам тұрады, оның 1055,6 мыңы немесе 49% әйелдер үлесінде. Республика бойынша барлық көпбалалы ананың төрттен бір бөлігі немесе 185 349-ы Түркістан облысының тұрғындары. Сонымен қатар бүгінгі күні облыста 7278 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады.
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Наурызнама» онкүндігі шеңберінде «Қайырымдылық» күні аталып өтті. Өңірдегі барлық аудан, қалада қолдауға мұқтаж көпбалалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға көмек берілді.
Аталған іс-шара барысында облыс бойынша барлығы 800 адамға 5635,0 мың теңгенің заттай және қаржылай көмегі көрсетілді.