​ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: Дауыс беру учаскелерінде арнайы фотоаймақтар орнатылды

0
61


​ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: Дауыс беру учаскелерінде арнайы фотоаймақтар орнатылды

ERNUR.KZ. Жалпыхалықтық референдум күні Түркістан облысындағы дауыс беру учаскелерінде келушілер үшін арнайы фотоаймақтар орнатылды. Фотоаймақта саяси науқанға келген азаматтар өз таңдауларын жасағаннан кейін естелік суретке түсуге болады.


Саяси науқан аясында дауыс беру - азаматтардың тұрғылықты жері бойынша учаскелерде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады. Айта кетейік, бүгін облыс бойынша қоғамдық көліктер тегін қатынайды.
Бөлісу