Ордабасыда реновациядан өтіп жатқан мектептер қадағаланды
Ордабасыда реновациядан өтіп жатқан мектептер қадағаланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында 2025-2027 жылдары аралығында 115 мектепті жаңғырту жоспарланған. Соның ішінде Ордабасы ауданында 5 мектепті реновация тізіміне енгізілген. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ордабасы ауданына іссапармен барып, екі мектептің құрылысын бақылады.
Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясына ағымдағы жөндеу жүргізілуде. 1986 салынған нысанға бүгінге дейін жөндеу жұмыстары жасалмаған. Ғимарат 2 корпустан тұрады. 1600-ден астам оқушы білім алуда. Мердігер мекеме — «Ecosintez» ЖШС. Жөндеу жұмыстарына 307 млн 732 мың теңге қаржы қарастырылған.
Іссапар Шұбарсу ауылында орналасқан «Атамекен» жалпы білім беретін мектебінде жалғасты. Білім ошағы 2010 жылы қолданысқа берілген. Үш қабатты, бір корпусты мектеп 600 орынға арналған. Екі ауысыммен 950 бала оқуда. Жөндеу жүргізуге 185 млн теңге бөлінді. Мердігер мекеме — «Gold-ART» ЖШС.
Мектептердегі құрылысты аралап көрген Бейсенбай Дәулетұлы мердігер мекеме және жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеді. Жаңа оқу жылының басталуына дейін жөндеу жұмыстары аяқталып, ел игілігіне пайдалнуға берілуге тиіс. Жұмысшылар санын арттыру, сапаға мән беру міндеттелді.
Айта кетейік, реновация барысында жөндеу жұмыстарымен қатар материалдық-техникалық базасы қамтылады. Атап айтқанда толық жаңарадтап айтқанда парталар, шкафтар, арнайы жаңа модификациялы кабинеттер, басқада оқу процесіне қажет материалдар, сыртқы спорт алаңшалары толық жаңарады. Мұндай маңызды бастама ауыл мен қала мектептерінің айырмашылығын жоюға, ескірген білім нысандарын ыңғайлы әрі заманауи ғимаратқа айналдыруға бағытталған.