Қазіргі уақытта облыс спортшылары сәуір айында Атырауда өтетін ел чемпионатына қызу дайындалуда
Шардара ауданында бокстан 2007 -2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында жарыс өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Шардара ауданында бокстан 2007 -2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының аймақтық чемпионаты өтті. Тартысты әрі қызықты өткен дүбірлі додада жеңіс тұғырынан көрініп, Шардара ауданының мерейін өсіріп, 42 келі салмақ дәрежесінде Нұртас Ералы алтын алқаның иесі атанды.
Сонымен қатар, 44 келі салмақ дәрежесінде Елнұр Оралбай күміс алқа , 46 келі салмақ дәрежесінде Бекжан Бахрам қола алқаны қанжығасына байлады. Командалық есепте Түркістан облысының командасы І орынды иемденіп жеңіс тұғырынан көрінді. ІІ орынды Жамбыл облысының командасы, ІІІ орынды Шымкент қаласының командасы иемденді.
Қазіргі уақытта облыс спортшылары сәуір айында Атырауда өтетін ел чемпионатына қызу дайындалуда