Түркістан облысында инвесторларға қолдау көрсетіліп жатыр

0
346

Дархан Сатыбалды әр жоба бойынша кәсіпкер мен жергілікті әкімдердің және жауапты басқарма басшыларының есептерін, ұсыныстарын тыңдады.


Түркістан облысында инвесторларға қолдау көрсетіліп жатыр

Түркістан облысында инвесторларға өндіріс орындарын ашуға қолдау көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының аудан, қалаларында маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың құрылысы, инфрақұрылымына әкімдік тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп жатыр. Кезекті жобалардың жүзеге асырылу барысы Түркістан өңірлік инвестициялық штаб мәжілісінде тағы да талқыланды. 20-ға жуық жобаның жай-күйі сараланып, жұмыстары таныстырылды.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әр жоба бойынша кәсіпкер мен жергілікті әкімдердің және жауапты басқарма басшыларының есептерін, ұсыныстарын тыңдады. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Жұмысты кешеуілдеткендерге сын-ескертпе айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.


«Үлкен болсын, кішкентай болсын, барлық жоба назардан тыс қалмауы тиіс. Қадағалаңыздар, қолдаңыздар. Жол картасын немесе жұмыс жоспарын хаттамаға енгізіп, әкімдік өз міндетін, кәсіпкерлер өз міндетін уақтылы орындасын. Жерді алып, жұмыс істемейтін болса, жер мемлекетке қайтарылады. Кейбір жобалар кешігіп жатыр. Үйлестіру керек. Облыста мақта-тоқыма кластерін дамытып жатырмыз. Ірі 4 зауыт ашылады. Солардың өнімдерін өткізу мәселесін қазірден зерделеп, жоспар құра берген жөн. Жоба басталғаннан әр мекеме өзі жауапты сала бойынша жедел әрекет етіп, проблемаларды шешіп отырсын. Біздің бағытымыз – зауыттар мен өндіріс орындарын ашу. Кәсіпкерлер мен инвесторлар да өз мәселелерін жасырмай айтсын. Қолдаймыз, көмектесеміз», – деді Дархан Сатыбалды.