Түркістан облысында қоқысты қайта өңдеу жұмыстары жанданады

0
1 352

19 мекеме сұрыптаумен, 3 мекеме қайта өңдеумен айналысып отыр.


Түркістан облысында қоқысты қайта өңдеу жұмыстары жанданады

Түркістан облысының аумағында 158 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындары белгіленген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Әлемдік деңгейдегі мәселелердің бірі – ол қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу. Түркістан облысының аумағында 158 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындары белгіленіп, барлығы құжаттандырылған.


Халық санының артуымен, қатты тұрмыстық қалдықтардың да көлемі артып келеді. 2022 жылдың 9 айдың қорытындысымен жалпы 70842 тонна қалдық жинақталып, оның 12179 тоннасы қайта өңдеуге бағытталып 17, 19 пайыз орындалды. Облыстың даму бағдарламасында биыл 19 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 19 мекеме сұрыптаумен, 3 мекеме қайта өңдеумен айналысып отыр.


Облыс бюджет есебінен биыл 6 полигонды санитарлық-экологиялық талапқа сәйкес келтіру үшін ЖСҚ дайындалды. Сондай-ақ аудандық бюджеттерден 2022 жылы 37 полигонның құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеуге қаржы қарастырылып отыр.


Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының айтуынша, 2022 жылғы «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-мен Түркістан облысы бойынша 428 бей-берекет қоқыс орындары анықталған. Бей-берекет қоқыс орындары нүктелерінің 312-сі тазаланған. Қалғандары бойынша тиісті жұмыс жүріп жатыр.