Түркістан облысында қуаттылығы жылына 2 млн тоннаны құрайтын мұнай өңдеу зауыты салынады

0
1 813

Жаңа зауыттың құрылысы Түркістан облысының Ордабасы ауданында жүргізілетін болады.


 Түркістан облысында  қуаттылығы жылына 2 млн тоннаны құрайтын мұнай өңдеу зауыты салынады
Түркістан облысында қуаттылығы жылына 2 млн тоннаны құрайтын мұнай өңдеу зауыты салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы "TURKISTAN INVEST" Инвестициялық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа зауыттың құрылысы Түркістан облысының Ордабасы ауданында жүргізілетін болады. Жоба инвесторы - қазақстандық «Standard Petroleum & Co LLP» компаниясы. Жалпы құны - 95 млрд. (тоқсан бес миллиард) теңгені құрайтын инвестициялық жоба аясында жаңа 1 мың жұмыс орны пайда болады.
Бүгінгі күні 250 гектар жер аумағында жерге орналастыру жұмыстары жүзеге асырылып, периметр бойынша қоршаулар орнатылуда. Сондай-ақ, электр желілері өткізіліп, учаскеге жол салынған.
«Түркістан» ƏКК» АҚ филиалы - «Turkistan Invest» инвестициялық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын жобаның іске қосылуы 2021 жылы күтілуде.
Өнім Қазақстан Республикасының аумағында сатылады, сонымен қатар, ТМД елдеріне экспортталатын болады.