Түркістан облысында омыртқа грыжасын емдеудің жаңа әдісі қолданылды

0
106

Оның басты артықшылығы — тіндердің минималды жарақаттануы, пациенттің тез сауығуы және жоғары жайлылық деңгейін қамтамасыз етуінде.


Түркістан облысында омыртқа грыжасын емдеудің жаңа әдісі қолданылды

Түркістан облысында омыртқа грыжасын емдеудің жаңа әдісі қолданылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында омыртқааралық диск грыжасын эндоскопиялық тәсілмен алып тастау бойынша алғашқы ота сәтті орындалды.


Академик Мұқан Егізбаевты еске алуға арналған халықаралық мастер-класс аясында медицина ғылымдарының докторы, профессор Т.Керімбаев пен Мәскеу қаласындағы Ауырсынуды емдеу институтының нейрохирургі К.Горячева заманауи эндоскопиялық жабдықты қолданып ота жасады.


Эндоскопиялық әдіс — аз инвазивті (жарақат аз түсіретін) технологиялардың бірі. Оның басты артықшылығы — тіндердің минималды жарақаттануы, пациенттің тез сауығуы және жоғары жайлылық деңгейін қамтамасыз етуінде.


Ота барысында науқастың бел омыртқасындағы остеохондроз ошағы микрохирургиялық жолмен алынып, спондилодез жасалды және алдыңғы-бүйірлік пластинамен бекітілді. Сондай-ақ мойын омыртқасының остеохондрозы бар басқа пациентке артқы орта жол арқылы C3–C6 деңгейінде декомпрессия және титанды пластиналармен ламинопластика жасалды.


МӘМС аясында жоғары технологиялық қызметтердің қолжетімділігін арттыру — Президент Жолдауында белгіленген маңызды міндеттердің бірі. Бұл бағытта атқарылған жұмыс өңірде көрсетілетін нейрохирургиялық көмектің жаңа деңгейге көтерілгенін айғақтайды.


Аурухана мамандары алдағы уақытта эндоскопиялық операцияларды тұрақты түрде енгізіп, пациенттерге әлемдік деңгейдегі ем алуға мүмкіндік беруді көздеп отыр.

Бөлісу