«Заңға бағынған құл болмайды».
Келес ауданында жүргізушілеріне 2 000-ға жуық ескертпе парақтары таратылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Келес ауданы аумағында «Қауіпсіз жол» іс-шарасы өткізіліп жатыр. Аталаған іс-шараны 17-19 маусым күндері аралығында өткізу жоспарланған.
Тәртіп сақшылары ұйымдастырған іс-шара барысында аудан көлемінде көлік жүргізушілеріне 2 000-ға жуық ескертпе парақтары таратылуы көзделген. Ескертпе парағында «жылдамдықты асырма, үйде отбасың күтуде, ішімдік ішіп көлік жүргізбе» деген сынды жазбалар жүргізушірге ой салу мақсатында таратылуда.
Сонымен қатар, ауылдық округтердің ішіндегі жолдар мен Республикалық басты жол бойына жол көлік оқиғасын алдын алу мақсатында тұрғындарға ой салатын билбордтар ілініп жатыр.
«Қазақтың сөзі бар ғой, «заңға бағынған құл болмайды» деген. Көлік жүргізушілері осы сөзге құлақ асса деген ниетіміз бар, аудандағы жүргізушілерге айтарым: жолда жүргенде жылдамдықты асырмай жүрсе, Сіздерді үйде бала шағаңыз, жақындарыңыз күтуде. Жол қауіпсіздігін қатаң сақтасаңыздар», - дейді көлік жүргізушілеріне үндеу жасаған Келес аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Мадияр Алтынбеков.