ТҮРКІСТАН: Өңешіне бөгде зат тұрып қалған балаға күрделі ота жасалды

0
59

Науқас шұғыл түрде жедел жәрдеммен Түркістан облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.


ТҮРКІСТАН: Өңешіне бөгде зат тұрып қалған балаға күрделі ота жасалды

Түркістан облыстық балалар ауруханасында өңешіне бөгде зат тұрып қалған балаға шұғыл түрде күрделі ота жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Анасының айтуынша, бала тамақ ішкеннен кейін жөтеліп, жүрегі айнып, сілекейі көп бөлінген. Аудандық орталық ауруханада жасалған рентгенологиялық тексеру кезінде өңешінде дөңгелек пішінді металл зат – батарейка анықталған. Науқас шұғыл түрде жедел жәрдеммен Түркістан облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.


Қабылдау бөлімінде хирургтар мен эндоскописттер бірлесіп тексеру жүргізіп, қосымша зерттеулер жасады. Рентген нәтижесінде бөгде заттың өңештің жоғарғы үштен бір бөлігінде орналасқаны расталды. Баланы аман алып қалу үшін хирургтар дереу ота жасап, бөгде затты сәтті алып шықты.


Дәрігерлердің айтуынша, операция күрделі өткен. Кішкентай пациент отадан кейін біраз уақыт реанимация бөлімінде дәрігерлердің қатаң бақылауында болды.


Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды. Ол емін әрі қарай жалғастыруда және дәрігерлердің тұрақты бақылауында.


Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар балалардың кездейсоқ ұсақ заттарды жұтып қоюынан жиі кездеседі. Сондықтан ата-аналардан балаларының қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды.

Бөлісу