ТҮРКІСТАН: Өңір экономикасына заманауи цифрлық шешімдер енгізу мәселесі қаралды

0
72

Заман талабына сай дайындалған цифрлық трансформация концепциясы кеңінен таныстырылды.


ТҮРКІСТАН: Өңір экономикасына заманауи цифрлық шешімдер енгізу мәселесі қаралды

Түркістан өңірінің экономикасына заманауи цифрлық шешімдер енгізу мәселесі қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек отандық «Tender tech» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде тараптар өңірдің инвестициялық әлеуетін арттыру, экономиканың басым салаларына заманауи технологияларды енгізу және цифрландыру жүйесін дамыту мәселелерін жан-жақты талқылады. Заман талабына сай дайындалған цифрлық трансформация концепциясы кеңінен таныстырылды.


Облыс әкімінің орынбасары ұсыныстар зерделеніп, тиімді жобаларға қолдау болатынын жеткізді.


– Бүгінде цифрландыру – заман талабы. Қағазбастылықтан арылу керек. Біз өңірге озық технологияларды тартуға және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделіміз. Жобаны жан-жақты зерделеп, тиісті сала басшыларына мүмкіндіктерді кеңейту және жеңілдету бойынша ұсыныс дайындауды тапсырамын, – деді Қанат Қайыпбек.


Кездесу барысында компанияның негізін қалаушы Қайрат Қанатбекұлы Түркістан облысы қарыштап дамып келе жатқандықтан, жаңа жүйені енгізуді осы өңірден бастауды жоспарлап отырғанын айтып, жобаны жан-жақты таныстырды.


Сонымен қатар өндіріс, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және инвестиция салаларында цифрлық шешімдерді енгізу арқылы тиімділікті арттыру және өңірдің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағытындағы ұсыныстар айтылды.


Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жобаны жіті зерделеп, жетілдіріп, жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Бөлісу