ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданы 8 млрд. теңгенің өнімін өндірген

0
771

Құны 41 млрд. 877 млн. теңгені құрайтын жалпы 20 жоба іске қосылған.


ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданы 8 млрд. теңгенің өнімін өндірген

Ордабасыдағы өнім көлемі өткен жылға қарағанда көбейген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы кәсіпорындар 2020 жылдың басынан бері 8 млрд. 248 млн. 700 мың теңгенінің өнімін өндірген. Бұл көрсеткіш өткен 2019 жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға артып отыр.

Атап өтсек үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2010-2019 жылдар аралығында инвестициялық құны 41 млрд. 877 млн. теңгені құрайтын жалпы 20 жоба іске қосылған. Жоба аясында 1 563 жаңа жұмыс орны ашылып, 5 млрд. 757,6 млн. теңгенің өнімі өндірілген.

Сондай-ақ, 2020 жылы инвестициялық құны 26 млрд. 474 млн. теңгені құрайтын тағы 4 жобаны іске қосып, 345 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Бүгінгі таңда Түркістан облысы Ордабасы ауданында шағын және орта кәсіпкерлік саласында белсенді жұмыс істейтін 10 534 субъекті де 15 559 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен қатар, 2020 жылы туризм саласында да оң өзгерістер орын алғалы тұр. Жыл соңына дейін 118 жұмыс орны мен жалпы құны 1 млрд. 250 млн.теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобаның құрылысы аяқталып, іске қосылады деп жоспарланып отыр.