Сонымен қатар бұл күні жол жиектері тазаланып, талдардың түптері ақталды.
Ордабасы ауданында ауқымды сенбілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ордабасы ауданы аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша ауқымды сенбілік өтті. Сенбілікке жергілікті аудан әкімі аппаратының, бөлімдердің, мекемелердің қызметкерлері, ардагерлер мен жастар қатысты.
Шараға қатысқан аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Бақдәулет Жұмабеков бекітілген аумаққа ағаш көшеттерін отырғызды.
Жалпы, аудан көлемінде өткен сенбілікте бас-аяғы 2000-ға жуық сан түрлі көшет отырғызылса, оның 1000-нан астамы аудан орталығына егілді. Сонымен қатар бұл күні жол жиектері тазаланып, талдардың түптері ақталды.
Айта кету керек, ауданда көшеттерге суғару жүйесі орнатылып, қоршау және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.