Мұнда 80-ге жуық волонтер тұрақты түрде қайырымдылық іс-шараларымен айналысады.
Түркістан облысының әкімі жұмыс сапарымен Сайрам ауданына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының әкімі жұмыс сапарында Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығы» жанынан құралған Еріктілер мектебі өкілдерімен кездесті. Мұнда 80-ге жуық волонтер тұрақты түрде қайырымдылық іс-шараларымен айналысады. Жастардың бастамасын оң бағалаған әкім олардың жұмысына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, Өмірзақ Шөкеев Қасымбек датқа елді мекеніндегі «MEDICAL PARK-E» медициналық орталығының жұмысымен танысты. 2020 жылы ашылған орталықта білікті дәрігерлер елге медицналық көмек көрсетуде.
Сонымен бірге, өңір басшысы аудандағы аграрлық техникалық колледждің шеберханасын аралап көрді. Мұнда ауыл шаруашылығы саласының мамандары даярланып, елге қызмет етіп келеді.