ТҮРКІСТАН: Отаншылдықты дәріптеу жұмыстары жанданады

0
347

Іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берілді.


ТҮРКІСТАН: Отаншылдықты дәріптеу жұмыстары жанданады

Түркістан облысында патриоттық іс-шараларды дәріптеу мақсатында жиналыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен жастар арасында патриоттық іс-шараларды дәріптеу мақсатында жиналыс өтті. Жиынға облыстық қоғамдық даму, білім, мәдениет саласының қызметкерлері мен облыстық жастар орталығының және қалалық ішкі саясат бөлімінің жауапты тұлғалары қатысты.


Басқосуда Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл жас ұрпақты отансүйгіштікке елжандылыққа тәрбиелеу бағытында ұйымдастырылатын іс-шаралар жайында баяндады.


Облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы отаншылдықты дәріптеу және мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді насихаттауға бағытталған мазмұнды іс-шараларды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар ұлттық тәрбие, патриотизм, елдігіміз бен егемендігіміз үшін атқарылуға тиіс бастамаларды ортаға салды.


Отырыс соңында жауаптыларға іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берілді.

Бөлісу